Главная Новости BLAST Premier: Spring Groups 2024 қазақ тілінде!

BLAST Premier: Spring Groups 2024 қазақ тілінде!

22 января 2024, 16:14 Автор: Pinger.pro

Қазақ тілді көрермендерге арнап көрсетілетін алғаш турнир — Counter-Strike 2 бойынша BLAST Premier: Spring Groups 2024 болмақ.

Еске сала кетейік, 22-сі мен 28-ші қаңтар аралығында әлемнің ең мықты 16 командасы 190 мың доллар мен BLAST Premier: Spring Final 2024-ке 2 жолдама, жәнеде 20.200 ұпай үшін күреске түспек. Топтық кезең Double-elimination жүйесі бойынша, ал плей-офф кезеңі үйреншікті Single-Elimination форматында өтеді.

Бір жыл бойы сіздер үшін турнирге түсініктеме беріп, анализ жасап, талқылайтындар:

Counter-Strike 2:

Әділхан “AkhaN” Байшоланов

Нұржан “LEO KZ” Мамытов

Даулет “Mike Miller” Балабай

Алишер “worstzce” Утанбаев

Ал Dota 2 бойынша сіздер үшін жұмыс жасайтын топ құрамы:

Бексұлтан “BigSultan” Кеулімқос

Абдикарим “mercuree” Наурызхан

Эльдар “radLE” Кохан

Ержан “Uta_render_” Шакеев

Барлық оқиғалардан хабардар болу үшін Paragon Events қазақ тіліндегі ресми арналарына жазылуды ұмытпаңыз:

Ресми Telegram

Twitch  Dota 2 KZ

Twitch Dota 2 KZ2

YouTube Dota 2 KZ

Twitch CS2 KZ

Twitch CS2 KZ2

YouTube CS 2 KZ

Paragon Events СЕО-сы Александр Заволокс пікірі:

“Paragon Events студиясы Қазақстанда өз үйін тауып, көптен күткен қазақ тілінде трансляцияларды бастау идеясын жүзеге асырғанымызға өте қуаныштымын. Біз осындай трансляциялар өз көрерменін тауып, және тез өсіп келе жатқан қауымдастықты одан әрі нығайтады деп сенеміз. Алда ауқымды жоспарларымыз бар және оларды мүмкіндігінше тез арада жүзеге асыруға тырысамыз!”

Paragon Events туралы:

Paragon Events 2022 жылы құрылып, тез арада киберспорттық шолу студиялары көшбасшыларының біріне айналды. 2023 жылы компания Intel® Extreme Masters, ESL Pro League, ESL One, DreamLeague және басқа да көптеген турнирлер кіретін ESL FACEIT Group турнирлерінің орыс тіліндегі трансляция медиа-құқықтарының иегері атанды. Сонымен қатар, 2023 жылы Valve компаниясы Paragon Events-ті Шығыс Еуропадағы Dota Pro Circuit турнирі ұйымдастырушысы ретінде таңдады.