Достар, егер сіз POCO F5 хардкор ойын смартфонын алғыңыз келсе, мына сілтемеге өтіңіз: https://u.to/6J6lHw
Ал 21 мамырға дейін сатып алсаңыз, POCO Watch сыйлыққа беріледі!
Сапалы смартфон бәрімізге күнделікті керек зат. Ал біз сондай керемет смартфонды сізге ұсына аламыз! Назарларыңызда - РОСО F5 Pro. Өнімділігі мықты, өзі де қуатты флагман күнделікті қолданысқа да, қиын тапсырмаларды орындауға да күшті жарайды. Программистер, кәсіби фотографтар, видеограф, блогер, мобилограф немесе техникаға ғашық жандар да - бәрі-бәрі біздің смартфонды қолдана алады.
Тіпті техниканы қатты түсіне бермесеңіздер де, РОСО қораптарын басқалардан бірден ажыратып ала аласыздар. Себебі қара мен жарқын сары түстердің үйлесімі көзге оттай басылады. Қорапта бүкіл керек дерек жазылған: атауы POCO F5 Pro, басты техникалық сипаттамалары және 5G ұстайтыны көрсетілген. Ішінде әрине смартфонның өзі, мөлдір қаптамасы, USB-A-дан USB-C-ға өтетін зарядтаушы сым, 67Вт-ты тоқты көзінің мықты адаптері, нұсқаулықтары мен сим-картаның инесі бар. Бастысы сымсыз зарядтау мүмкіндігі қарастырылған - бұрын РОСО ондайды ұсынбайтын.
Телефон өте стильді және қымбат көрінеді - алдында кішкене жақтаушалары бар қара экран тұр, ал аппақ әйнек қақпағы артында орналасқан. Оған логотип бейнеленген және 5G белгісі тағы да көрсетілген. Сол жағында жоғарыда камералар жиынтығы тұр. Оң жағында телефонды қосатын және дауысты бақылайтын батырмалар бар, ал сол жағында батырмалар мүлдем жоқ. Астында және үстінде 2 стереодинамик орналасқан. Сондай-ақ, 2 сим-карта қосуға мүмкіндік беретін орын тұр - бұл өте ыңғайлы. Оң жақта төбесінде инфрақызыл порт бар. РОСО F5 Pro смартфондарына жады карталарын сала алмайсыздар. Дегенмен қазір олардың дым керегі жоқ. Өйткені, 256 гигабайт жадысы бар болғандықтан, кез келген нәрсені сақтауға жетіп қалады. Corning Gorilla Glass 5 әйнегі бүгінде ең төзімді болып есептеледі. Оған қарамастан, құрылғы жеп-жеңіл - салмағы небәрі 204 грамм.
Смартфонды қосқанда бірден ұнайтын нәрсені байқайсыздар - шығарушылар дисплейасты саусақ ізін танитын сканер қойған. РОСО оны бірден баптап алуды ұсынады. Бұл функция тамаша істеп тұр, бәрі түсінікті және процедурасы оп-оңай өтеді. Настройкасында да қиындық жоқ, оған бөлек тоқталып отырмай-ақ қояйық. Бастысы, арнайы бағдарламалардың көптігі қуантады. Кейбір қосымшалары тіпті керек те болмайды, оларды өшіріп тастасаңыз да өз еркіңіз. Тағы бір айтатыным, смартфондар Poco Launcher тысы бар Android 13-те жұмыс істейді.
Екінші ерекшелігі - флагмандық салындысы. Смартфон біреуі максимум тактілі 3ГГЦ жиілігінде жұмыс істейтін 8 ядролық Snapdragon® 8+ Gen1-де қызмет етеді. Және бұл заманауи 4-нм техпроцесс, сондықтан смартфон ұзақ жылдар бойы үздіксіз істей береді. Мұндай құрылғыны нарықта басқа еш жерден таба алмайсыздар. Оған қоса, жедел жадысы 12 гигабайт, WiFi 6, Bluetooth 5.3 - қысқасы, бәрі мықты жасалған.
Үшіншісі - дисплейдің жаңару жиілігі 120Гц. Күтпеген жерден смартфонға ғажайып 6.7 дюймдік WQHD+ Flow AMOLED дисплейін қойған. Соның септігінен, түстердің палитрасы өте қанық болғандықтан көздеріңіз мүлдем талмайды. Түстерді түсінетіндерге настройкасында өзгертулер жасауға болады. Видеоны жақсарту, сурет сапасын арттыру мүмкіндігі қарастырылған, HDR және тіпті MEMC орнатылған - бұл технология картинаны жұмсақ қылады, алайда көп энергия жейді. Максимум жарығы - адамсенгісіз 1400 нит, оның 500-і - стандарт, ал 1000-ы жоғары жарық. Күн астында ақпарат оқу еш қиындық туындатпайды, тек кішкене баптауларын жасауыңыз керек. Максимум разрешениесі - 3200х1440, ал біз дефолт бойынша 2400х1080 қоюды ұсынамыз. Себебі мұнда бәрібір 702 ppi. Түстерді өз бетіңізше өзгерте аласыз. Жылдам қуаттау бойынша да біраз мәселелер шешілген. 0-ден 75%-ға 33-ақ минутта толады, ал толық зарядталу 59 минутты алады. Смартфон белсенді қолданыста 10 сағат қосымша қуаттаусыз істей береді. 10 сағат бойы интернетте отырып, видео қарап, ойындар ойнап, телефонды барынша рахаттанып шұқылай бересіз. РОСО сымсыз зарядтала да береді. 30Вт-қа дейін сымсыз зарядтауға болады. Аккумулятордың сыйымдылығы - 5160 мАч, сол себепті кез келген пауэрбанк арқылы толық қуаттап тастай аласыз. Камера жағын да смартфон құрастырушылары мықты істеген. OIS үш камерасы және әлемде бұрын болмаған , 64 МП-ке 0,7 мкм камера мен filmcamera жаңа фильтрлері қосылған. Суреттер қанық әрі әдемі шығады - кеңбұрышты камера контраст қосып, заттардың қалпын өзгертпей түсіреді. Негізгі камера түстерді дәл береді, ал цифрлік зум шусыз істейді. Егер табиғи жарық аз болса, артефактар пайда болатыны рас, дегенмен бұл қазіргі барлық смартфондардың шешілмеген мәселесі. 64Мп қылып түсірсеңіздер, кадр резкий болмайды. Камера қозғалыста да жақсы түсіреді, детальдарды бұлыңғыр қылып жібермейді, бірақ сапасы бәрібір жарықтың қалай түскеніне қатты тәуелді. Түнгі кадрлар ойдағыдай шыға бермейді. Бір таң қалдырғаны, РОСО қозғалысты қақшып алу және бақылайтын автофокуспен жабдықталған. Қозғалыста түсірілген видеолар барынша анық шығады және объектіні фокусқа алып, ол қозғалып тұрса да, назардан қалт жібермейді. Мұндай функцияны бұрын тек айнасыз камералардан таба алатын едіңіздер. Кейбір қолданушыларды стресс-тест нәтижелері бәрібір қызықтырады екен. Біз смартфонды Geekbench арқылы тексердік. Бірядролы режім 1303 баллды көрсетіп тұр, ал көпағынды режімде 3960 баллды алдық. Корпустың қалыпты температурасы - 32 градус. Ең қатты қызған шағында 40 градусқа дейін жетті, ол да жаман емес. Genshin Impact-тегі белсенділікті тілге тиек етсек, онда РОСО 44 градусқа ысығанын айтамыз. Одан артық қызған емес. Сосын смартфон лезде суиды. Шамасы, мұнда әйнек қақпақтың рөлі ойнап тұр, ол температураны жайып тастайды. Суытатын керемет жүйесі де бар. РОСО-да дербес булататын камера бар. Оның аумағы 5000 мм2, бұл дегеніміз банк карточкасымен шамалас.
Қорытындыласақ. Смартфон өте керемет жасалған. Оның қуаты ойын ойнауға жетеді. Кәсіби бағдарламаларды да ұзақ қолдана аласыздар. Қосымшаларды ауыстырып отырғанда, телефон қатпайды. Экран астындағы саусақ ізінің сканері су қолмен ұстасаң да, істеп тұрады. РОСО жүктемелер ауыр болса да, қатты қызбайды. Ал процессоры ең үздік десек, артық айтпаймыз. Құрылғыңыз ұзақ жылдар бойы қызмет етеді. Фотоларға келгенде сұрақтарымыз қалды, бірақ бір нәрсені ескеруіміз керек: бұл нұсқа суреттерге емес, ойын ойнауға арналған. Бағасы 329 990 теңге. Қалтамызға жақсы келіп тұр. Негізгі смарфтон қылып та, қосымша телефон ретінде де сатып алуға болады. Қысқасы, сатып алыңыздар деп кеңес бере аламыз. Оған қоса, 21 мамырға дейін смартфонды сатып алсаңыздар, POCO Watch сыйлыққа беріледі. Үлгеріп қалыңыздар.